24/04/2021
Ия аты айтып тұрғандай бүгін интернет маркетингтің қарапайым адамға қаншалықты керек екендігін өз түйгеніммен бөлісемін. Білгіңіз келсе аяғыңа дейін оқыңыз. 👇
SBS - ке келмей тұрып маркетолог, таргет, Смм, копирайтер деген мандайшасында жазулары бар *небір - небір аккаунттарды жиі кездестіретінмін.
" Осылар не жұмыс істейді екен осы?" - деп түк түсінбей қалатынмын. Применно сіз де солай ойлауыңыз мүмкін, солай ғой? 😂
"Ия" болса коментке кері байланыс беріп отырсаңыз болады.
Сонымен тақырыпқа оралайық. Бизнес бастауды білетіндеріңіз болса солардың ютубтағы арнасын үнемі көретін едім. Онда осы сөздерді жиі айтатын: "маркетинг", "таргет", "коперайтинг", т.б.
Бұл сөздерді Қуаныш Шоңбайдың видеоларынан да көрдім. Елдің бәрі сол жақта жүрендей, ал өзімді көштен қалып қойғандай сезінетінмін.
Бұл не құдірет деп назарымды салып, шала - пұла бірдеңені түсінгендей боламын.
Айтып жатқан кейстеріне қарап бәрін тастап шауып барғын келеді ғой шіркін. Ойымды жаулап алды. 😍😍😍
Қазір SBS-те осы маркетинг бойынша білім алып біраз нәрсені түсініп қалдым. Кешегі ютубтағы атойлап жатқан спикерлердің айтып жатқаны бекер емес екен.
Себебі біз білмейтін көп нәрсе бар. Жәй ғана көп емес *өте көп нәрседен хабарсызбыз.
Мүмкін сіз айтатын боласыз, *гуглда бар емес пе? - деп. Ия, әрине бар, интернетте бәрі бар. Қазір білім жасыратын заман емес⚠️
Алайда сол білімді жеңілден күрделіге қарай жүйелеп көрсеткенде, жетелеп жүріп қадағалағанда, әр тақырыптың *өзін іздесең таппайтын небір ньюанстары мен фишкаларын алдына әкеліп берсе СІЗДІҢ адаспай тік жолды табарыңыз анық.
Ендеше бұл интернет маркетинг қарапайым адамдардың ішінде нақты кімге керек деген заңды сұрағыңыз бар болуы мүмкін.
Интернет маркетинг ⬇️
- шағын кәсібі бар кәсіпкерлерге,
- жаңадан олайн ақылы сауда жасап жүргендерге,
- өз білімін курс, марафон арқылы сататын инфобизнесмендерге
- эксперт мамандарға т.б қажет.
Егер сіз бұл тізімге қарапайым мектеп мұғалімі, қолөнер шебері, дәрігер, заңгер, ақын т.б өз саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандар кіреді.
Тіпті үйде отырған аналар да өз хоббиларын кәсіпке айналдырып жатыр.
*жалғасы коментариде👇👇👇