12/11/2020
✨Бақыттың кілтін тауып, өз өміріңіздің қожайынына айналғыңыз келеді ме?*
⠀
✨Онда мына 6 ащы шындықтан қашпаңыз. Қабылдаңыз. Олар естіген құлақты ауыртады, түсінген жүректі шаншытады.
⠀
Бірақ...
⠀
Неғұрлым ертерек осы дүниелерді ұғынасыз, соншалық тез бақытқа жетесіз.
⠀
Ол қандай шындық?
⠀
1. *СІЗГЕ ЕШКІМ ЕШТЕҢЕ ДЕ МІНДЕТТІ ЕМЕС*
⠀
Әр адам - жеке тұлға. Әркімнің өз өмірі, өз қайғысы бар. Ата да, ене де, күйеу де, бала да сізге ештеңе міндетті емес. "Мен анау үшін бүйттім, сүйттім, ал ол болса маған үйтпеді", - дегенді қою керек 🚫
⠀
2. *ӘР АДАМ ӘРТҮРЛІ*
⠀
Қанша адам - сонша мінез, сонша пікір. Біреумен сөзіңіз келіспей, сізді біреу түсінбей қиналып кетсеңіз осыны еске түсіріңіз. Екі түрлі мінездің бір-бірін 100% түсінуі мүмкін емес.
⠀
3. *СІЗДІ БАҚЫТТЫ ЕТЕТІН ӘЛЕМДЕ ЖАЛҒЫЗ АДАМ БАР. ОЛ - ӨЗІҢІЗ*
⠀
Өмірге жалғыз келіп, жалғыз кетесіз. Қаласаңыз бақытты боласыз, ал өзіңіз бақытқа жетер әрекет жасамасаңыз сізге ешкім де көмектесе алмайды 🤷🏻♀
⠀
4. *ӨМІРІҢІЗДІ ӨЗГЕРТКІҢІЗ КЕЛЕДІ МЕ? БІРДЕН ӘРЕКЕТКЕ КӨШІҢІЗ*
⠀
Өмір - жалғыз. Жақсы ғұмыр кешкіңіз келеді ме? Жаман әдетті, өткенге өкінуді, "жоқ, жоқ" деп ыңылдауды қойыңыз да әрекетке көшіңіз. Құр сөз бен ой емес, нақты әрекет жетістікке жеткізеді. Аспаннан фея 🧚♀ түсіп, сиқырлы таяғымен сіздің өміріңізді өзгертіп бермейді ❌
⠀
5. *ӨЗ-ӨЗІҢІЗДІ АЯУДЫ ҚОЙЫҢЫЗ*
⠀
"Мен бір жүрген бейбақ екенмін. Осы менің өмірі жолым болмайды", - деп өз-өзіңізді аяй берсеңіз, басқалар не істейді? Әрине, олар да сізге аянышпен қарайтын болады.
Қателеспейтін адам жоқ, қателіктен сабақ алып, өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз ✨
⠀
6. *ҚАЗІР НЕМЕСЕ ЕШҚАШАН*
⠀
Дәл қазіргі сәт маңызды. Кешегі немесе ертеңгі күн емес. БҮГІН. Бүгін бақытты болыңыз, әрекетке бүгін көшіңіз, жаңа өмірді бүгін бастаңыз ✨
⠀
📌 Осы 6 қағиданы өмірлік бағдар етіп алыңыз.
⠀
⠀ ⠀ ⠀✨ *СІЗ БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚСЫЗ!*✨